Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ұлттық қорындағы ақша қайда кетуде?

Ұлттық банктің басшысы Ерболат Досаев Ұлттық қордың активтері азайып бара жатқанын айтты, егер ешқандай шара қолданылмаса, онда үш жылдан кейін республиканың жалпы ішкі өнімінің 30 пайызға азаятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ұлттық қордың ақшасы көз алдымызда "еріп" жатыр, ал мемлекеттің шығындары барған сайын өсуде. Бұндай қорытындыға Ерболат Досаевтың баяндамасынан кейін келдік. Досаев Үкімет отырысында болжам бойынша, 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қор қаражаты ІЖӨ-нің 30,8%-ын құрайды және ІЖӨ-нің 30%-ына тең азаймайтын қалдығына жақындайды.

"Осыған байланысты 2021 жылы контрциклдік бюджет ережесінің енгізілуін ескере отырып, Ұлттық қордың жинақтау функциясын сақтау және мұнай тапшылығын азайту үшін шаралар қабылдау қажет болады", - дейді Ерболат Досаев. 

Ұлттық қор 2000 жылы пайда болды. Қордағы ақша болашақ ұрпақ үшін жиналады. Аталмыш қаражат болашақта орына алуы мүмкін келеңсіздіктердің алды алады. Егер де қиындықтар туындап, маңызды мәселелер пайда болса, Ұлттық қордан оны шешу үшін ақша бөлінеді. Осы жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, Ұлттық қорда 58 млрд доллар бар. Алайда қор соңғы жылдары әмиан ретінде жиі қолданылатын болды, себебі қаңтардан шілде айына дейін қордан 3,5 триллион теңге алынды. 

"Егер бөлінген қаражат ақталса, мен түсінер едім, бірақ бізді пайдасы жоқ шығандар өте көп. Мысал ретінде Нұр-Сұлтандағы LRT, ЭКСПО, пантеонды алсақ болады, ондай жағдайлар бізде өте көп. Бұл шығындар ақталмайды, мелекеттің имиджіне ғана жұмсалатын қаражаттар болып саналады", - дейді экономист Меруерт Махмұтова. 

Үкіметтің жоспарына қарасақ, Ұлттық қордан ақша алу тоқтатылмайтын тәрізді. 2021 жылы 2,7 трлн теңге және әлеуметтік бағдарламаларға бір трлн алыну жоспарлануда, ал 2022 жылы 2,4 трлн, 2023 жылы 2,2 трлн алыну жоспарлануда, жалпы үш жылға 8 трлннан көп шығады.

"Қорсыз елде үлкен бюджеттік дефицит орын алуы мүмкін. Әдетте мемлекеттер салық жинап, соны қолданады немесе шетелден қарызға алады. Біз салықтың 70%-ын аламыз, одан көп емес", - дейді қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов.

Егер шығындарымызды азайтпасақ, бюджетте дефицит пайда болуы мүмкін, сол үшін Ұлттық қордан қайта-қайта көмек алатын боламыз. Мұнайдың бағасының төмен болуына байланысты қор бірден толыға қоймайды. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 15:18
Талқылау