"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша екі жылда балалардың шотына 233 доллардан аударылған
Фото: pixabay.com
Мәжілісте өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев 2024 жылғы республикалық бюджетттің атқарылуы туралы баяндама жасап, жалпы ішкі өнім 4,8 пайызға өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің мәлімдеуінше, Ұлттық қор активтері өткен жылы 16%-ға өсіп, 66,2 млрд долларға тең болған.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша екі жылда шамамен 7 миллион баланың әрқайсысына 233 АҚШ доллары есептелді", – деді қаржы министрі.
Сондай-ақ, қаржы министрдің есебіне сүйенсек, биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнім 6%-ға өскен.
"Шоғырландырылған бюджеттегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі өткен жылы 2,5 пайыздық тармаққа өсті. Инфляция деңгейі 9,8%-дан 8,6%-ға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады.
Мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңгеге немесе жалпы ішкі өнімге 23,7%-ға жетті", – деп мәлімдеді Мәди Тәкиев.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскен-түспегенін қайдан және қалай тексеруге болатыны туралы жазған едік.

"5 балам бар": Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сотта айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады
