Қазақстанда 15 аса қауіпті қылмыстық топ жойылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғам қауіпсіздігіне төнетін ұйымдасқан қылмыс пен қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, 15-тен аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Тінту кезінде олардан қару, ақша, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.
“Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – деп мәлімдеді ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ