Жезқазғанда жүректің кенеттен тоқтау қаупі жоғары бес науқасқа ота жасалды
Ұлытау облысының тұрғындарына жоғары сапалы кардиохирургиялық көмек көрсетілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "Қазақмыс" корпорациясының қолдауымен "Жезқазған" медициналық орталығында алғаш рет бес науқасқа кардиовертер-дефибриллятор имплантталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүректің кенеттен тоқтап қалуының алдын алатын ота МӘМС жүйесі аясында тегін жасалды. Бұған дейін жергілікті тұрғындар дәл осы имплантты салдыру үшін Астанаға немесе басқа қалаға баруға мәжбүр болатын. Бұл оларға қосымша шығын келтіріп, қолайсыздық туғызатын.
"Қазақмыс" корпорациясы олқылықтың орнын толтырып, дәрігерлерге өзгелерге өмір сыйлауға жағдай жасады.
Имплантталған кардиовертер-дефибриллятор жүрек ырғағының бұзылысы және жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге жүректің кенеттен тоқтап қалу қаупінен қорғануға көмектеседі.
Сонымен қатар отадан кейінгі асқынулардың санын азайтып, пациенттің өмір сүру сапасын жақсартады.
Болашақта мұндай ота МӘМС жүйесі қатысушыларының барлығына қолжетімді болады. Жобаның кураторы – UMC Heart Center интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі Өмірбек Мұздарұлы Нұралинов.
Отандық кардиохирургия саласының маңызды жетістігі саналатын оқиға Ұлытау облысы медицинасының дамуына ерекше серпін беріп, жүрегі ауыратын науқастарға үміт сәулесін сыйлады.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
