Ұлытауда Қазақстан халқы Ассамблеясының III облыстық сессиясы өтті
29 мамыр күні Ұлытау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған III облыстық сессиясы "30 жыл бірлік пен келісім жолында" ұранымен өтті.
Сессияны облыс әкімі Дастан Рыспеков ашты. Ол ҚХА-ның елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, сессия күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігін атап өтті.
Сессияның күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды:
- Қоғамдық институттардың ұлтаралық және жалпыұлттық келісімді нығайтудағы рөлі;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының қорытындыларына сәйкес Ұлытау облыстық ҚХА алдына қойылған міндеттер;
- ҚХА-ның халық бірлігін нығайтатын бірегей институт ретіндегі рөлі.
Сессия барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен мемлекеттік орган басшылары өз баяндамаларын жасап, ұсыныстарын ортаға салды:
Облыстық "Ақсақалдар кеңесінің" төрағасы Сағындық Қожамсейітов, кеңестің жүргізіп отырған жұмысы туралы баяндаса,
Қазақстан татар және башқұрттарының дүниежүзілік конгресі республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Зульфия Гилемханова ҚХА аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, этномәдени бастамаларға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.
Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Капарова Ұлытау облысында "Достық үйін" ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сессия қорытындысы бойынша облыс әкімі Дастан Рыспеков ҚХА-ның соңғы 30 жылда мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді диалог алаңы ретінде қалыптасқанын атап өтті.
Сессия соңында Журналистер күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ақпараттық қолдауға қосқан үлесі үшін бірқатар БАҚ өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
