Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ұлытау облысындағы кеніште үйінді астында қалған жеті кеншінің денесі табылды

Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің Жомарт кенінен үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жасанды интеллект

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ға тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Соңғы табылған кеншінің жеке басы анықталып жатыр.

“Мерт болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, – деп мәлімдеді ТЖМ.



ТЖМ жедел штабының "жедел желісіне" 23 қоңырау келіп түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, "Қазақмыс" корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтау үшін көмек көрсететінін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлытау облысындағы кеніште жеті жұмысшы үйінді астында қалғаны айтылған еді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 18 Ақпан, 2025 07:24
Талқылау