Ұлытау облысындағы 7 кеншінің қазасы: Марқұмдардың отбасыларына 125 миллион теңгеге дейін көмек көрсетілді
Фото: Жасанды интеллект
Биыл 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның Жомарт кенішінде тау жынысы опырылып, 7 жұмысшы қаза тапқан еді. Осы қайғылы жайттан кейін кеніштің жұмысы бес айға тоқтатылған, қазір кәсіпорын жұмысын жалғастырып жатыр. Мұны Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист қазір кеніш қалай жұмыс істеп жатыр, толық тексеріс жүргізілді ме, жағдай қаталанбау үшін қандай шаралар қабылданды, мақұмдардың отбасыларына қандай көмек көрсетілді – осыларды сұрады.
“Бұл жағдайдан кейін үкіметтік комиссия құрылды. Екі ай бойы тексеріс жүргізілді. 45 іс-шара жоспары әзірленді. Бүгінде 29-ы орындалды. Оның 16-сы үнемі жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды жеткізу, жөндеу жұмыстары және қызметкерлерді оқыту жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Бүгінде жергілікті жерді газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газды анықтайтын құрылғы арқылы тәулік бойы бақылау жүргізіледі. Бұдан басқа, ауаның тазалығын тексеретін жедел зертхана ашылды. Қызметкерлер қажет құрал-саймандармен жабдықталды. Қауіпті аймақтардың жылу картасы енгізілді.
Жомарт кеніші бес ай бойы жұмыс істеген жоқ. Осы уақыттан кейін жұмысы жаңғыртылды. Біз оқиға орнына бардық. Кейін марқұмдардың отбасыларына көмек көрсету жұмыстарын бастадық. Оларға алдымен психологиялық қолдау көрсетілді. Кейін асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік көмек, корпарация тарапынан еңбек келісімшарты бойынша 90 миллон теңгеден 125 миллион теңгеге дейін қаржылай қолдау көрсетілді. Сондай-ақ "Қазақмыс" коропорациясы осы отбасылардың барлық несиесін төлеп берді. Оқып жатқан студенттердің оқу ақысын төлейді. Тағы бірқатар төлемақылар бар", – деді өңір басшысы.
Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты тергеу аяқталды
Бұрынғы АрселлорМитталға қарасты “Абай” шахтасынан 155 шахтер эвакуацияланды
Еске салсақ, бұған дейін Ұлытау облысындағы кеніште жеті жұмысшы үйінді астында қалғаны айтылған еді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді