Ақтөбеде газ құю станциясында алапат жарылыс болды (видео)

Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасы жанып, жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарылыстан пайда болған өрт екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған.

Фото: ТЖД
ТЖД күштері оқиға орнына дереу жетіп, өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеді. Олар қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол берген жоқ.
“Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде