Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы қатыгездікпен өлтірілген

9 адам өлтірген қылмыскер

Фото: pixabay.com

1966 жылы туған марқұм өз пәтерінде жеті пышақ жарақатымен табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы халықаралық колледждің екінші курсында оқыған қызы да зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қызды сыммен буындырып өлтірген.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, жауап алу кезінде кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деді полиция департаменті басшысының орынбасары Алмаз Саламатов.


Өлтіріп, зорлап, тонап кеткен: Атырауда NCOC компаниясының менеджерін өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді


Жезқазғанда адамды пышақтап, мәйітін қоқысқа тастағандар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетті


Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіріп кетті деген күдікке ілінген еді. Атырауда бұрынғы әйеліне қастандық жасап, кеңсесінде қатыгездікпен өлтірген ер адам 15 жылға сотталды. Instagram желісінде сотталушы мен оның бұрынғы әйелі арасында жанжал шыққан. Ұрыс-керістен кейін ер адам қалтасына пышақ салып, әйел жұмыс істейтін емханаға барған. Ол әйелдің кеңсесіне кіріп, алдымен оған жұдырық жұмсаған. Кейін әріптесі көмекке кеткен сәтте мойны мен кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Әйел есін жимастан оқиға орнында қайтыс болған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 09:52
Талқылау
`