Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында асқан қатыгездікпен кісі өлтірген ағайынды екі жігіт сотталды

Ұлытау облысында асқан қатыгездікпен кісі өлтірді деп айыпталған ағайынды екі жігіт сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында күдіктілер А мен У-ға қатысты адам өліміне қатысты қылмыстық іс қаралды. Соттың мәліметінше, күдіктілер алкогольдік мас күйде болған азамат К-ны өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

"2024 жылдың 19 наурызында, кешкі 21:00 шамасында, сотталушылар А мен У өз үйлерінде ішімдік ішіп отырған. Сөзге келу барысында ағайындылар К-ны өлтіруге шешім қабылдаған. Сотталушы А К-ны жіппен тұншықтырып, ал У марқұмның аяқтарын ұстап тұрған. Нәтижесінде К көз жұмды", – делінген сот хабарламасында.


"Зиратқа апарып екі досты атып өлтірген": Ақмола облысында оққа ұшқан ММА бапкерінің анасы тергеудің әділ өтуін талап етеді


Қылмыстың ізін жасыру үшін айыпталушылардың мәйітті автокөлік дөңгелектерімен бірге өртеп жібергені анықталды. Айыпталушылардың кінәсі куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, басқа да заттай айғақтармен дәлелденді. 

Соттың мәліметінше, айыпталушы У Жезқазған қаласының уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол салу нәтижесінде көз жұмған.

"Сот А мен У-ды қылмыс үшін кінәлі деп таныды. Сотталушы А 15 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сотталушы У қаза тапқандықтан, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды", – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда алқабилер соты үш кісіні өлтірді деп айыпталған ер адамды ақтап алғаны туралы жазған едік. 

Талқылау