Ұлытау облысына көшіп барған қазақстандықтар 4,5 миллион теңгеге дейін ала алады
Ұлытау облысы мемлекеттік қолдау, жаңа жұмыс орындары мен даму перспективалары арқылы Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарын тұрақты қызметтерге шақырады.
Өз өмірін Ұлытау облысының қала немесе аудандарымен байланыстыруды шешкен әрбір отбасыға қаржылай қолдау көрсетіледі: қоныс аударуға 70 АЕК (257 240 теңге) мөлшерінде әрбір отбасы мүшесіне біржолғы субсидия, бір жыл бойы ай сайын 117 960 теңгеге дейінгі тұрғын үй жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтер өтемақысы, сондай-ақ жеке тұрғын үй құнының 50%-ына дейінгі (4,5 млн теңгеден аспайтын) өтемақы ұсынылады.
Өңір тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді: білім беру, денсаулық сақтау, IT және телекоммуникация, мәдениет, спорт, өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ жұмысшы және біліктілігі жоқ қызметкерлерге арналған 1000-нан астам бос жұмыс орны бар.
Бүгінгі Ұлытау – тек бай тарих пен мәдениет қана емес, сонымен бірге қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар құрылысы, кәсіпкерлік пен отбасылардың жайлы өмір сүруіне жаңа мүмкіндіктер.
Бағдарламаға қатысуға өтініштер онлайн түрде Migration.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.
Сонымен бірге ауылдық елді мекендерге, кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға басқа өңірлерінен кемінде бес жыл мерзімге жұмыс істеу үшін жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері 5 миллион теңгеден бастап 8 миллион теңгеге дейінгі көлемде белгіленеді. Егер сіз дәрігер болсаңыз толық ақпаратты 8 708 717 0233 нөмірі арқылы біле аласыз.
Ұлытау – бұл сенім, жаңа көкжиектер және әрбір отбасы үшін лайықты өмір. Болашағын бүгіннен бастап құрып жатқан өңірге қосылыңыз!
Анықтама телефондары: 8 708 070 0607, 8 707 918 98 06

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
