Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды
Фото: https://www.instagram.com/imanbekmusic
Грэмми сыйлығының иегері қазақстандық музыкант Иманбек (Иманбек Зейкенов) Латын Грэммиіне ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Тайчу Элла қатысқан қазақстандық диджейдің "Quiere Techno" композициясы "Ең үздік латын электронды музыкалық орындау" номинациясына шорт-трекке енді.
Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.
Еске салайық, 2021 жылы қазақстандық музыкант Imanbek Грэмми сыйлығын жеңіп алған еді. Америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнініне жазған ремиксі жүлдеге ие болды.
"Достар, мені неге бақытты деп ойлайсыңдар? "Грэмми" біздікі. Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе – Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық!, – деді ол.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған