Танымал музыкант Иманбек Зейкенов шаңырақ көтерді
SAINt JHN – Roses әнінің ремиксін жазып, әлемге танымал болған қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов үйленді. Оның таңдауы Айшабибі есімді аруға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде музыканттың үйлену тойынан фотосуреттер мен видеолар тарады.
Бұған дейін Иманбек Зейкенов жеке өміріне көңіл болу үшін жаңа ән шығаруды аз уақытқа тоқтатқанын мәлімдеген еді. Енді әлеуметтік желілерде оның үйлену тойынан фотосуреттер мен видеолар тарала бастады.
- Иманбек: Мен "Грэммидің" не екенін білмедім
- "Ойымда болған жоқ": Роза Рымбаева Иманбекпен дуэт жазуға қалай келіскенін айтты
Музыкант таңдаған арудың есімі Айшабибі екені белгілі болды.
“Енді біз құдалармыз. Біздің Айшабибі мен Иманбек үйлену тойын өткізді”, - деп жазды фото және видео авторы Бауыржан Жансейітов Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, Иманбек – Қазақстаннан шыққан тұңғыш "Грэмми" сыйлығының иесі.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген