AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иманбек: Мен "Грэммидің" не екенін білмедім

Иманбек Зейкенов "Грэмми" жүлдесін жеңіп алғанын Instagram-дағы оқырманынан естіген. Алайда диджей оның қандай сыйлық екенін түсінбеген. Бұл туралы Иманбек Лаура Джугелияға берген сұхбатында айтты. Ол Fametime TV арнасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жүлдені алған сәтте "Грэммидің" не екенін де білмедім. Маған оны "Музыкалық Оскар" деп түсіндірді. Яғни бұл сөзді естігенмін, бірақ ешқашан мән бермеппін", – деді Иманбек.

Өнерпаз бұл жаңалықты алғаш естіген сәті туралы айтты.

"Instagram-ның тікелей эфирінде оқырмандарыммен тілдесіп отырғанымда біреу: "Құттықтаймыз! Сіз "Грэмми" жеңіп алдыңыз", – деп жазды. 

Түсінген жоқпын. Эфирді аяқтап, Кириллге (Кирилл Лупинос, Иманбектің продюсері): "Біз "Грэмми" жеңіп алдық па?" деп жаздым. Сол уақытта өзім гуглдан "Грэммидің" не екенін қарап отырдым", – деп күлді Зейкенов.



Қандай марапатқа ие болғанын түсінген Иманбек бүгінде өзін мақтан тұтанынын атап өтті.

"Мұндай болады деп ешқашан ойлаған емеспін. Өзім армандауға қорыққан арманым орындалғандай", – деді ол.

Роза Рымбаева Иманбектің бұл жеңісін "сәттілікке" балаған болатын. Иманбектің бұған көзқарасы қандай?

"Ол – оның субъективті пікірі. Қуандым дей алмаймын, бірақ көңіліме алмадым. Жалпы сынға ренжімеймін. Ал негізсіз сын болса, мүлдем мән бермеймін", – деді Иманбек.

Сөзіне қарағанда, әлеуметтік желіде оған жағымсыз пікірлер сирек жазылады. 

"Негізсіз сын жазылса, жақтаушыларым ол адамды жеп қояды. Ақырында өзі шығып кететіндей немесе пікірін өшіретіндей жағдайға жеткізеді", – деді Иманбек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр