Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлымды аңдып, артынан қалмады": Шәріп Серіктің анасы ұлына араша түсті

Бұрынғы сүйіктісін ұрып-соққан Шәріп Серікке анасы қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Кино жұлдызының анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы жеке парақшасында ұлының кінәсіз екенін айтты. Сөзінше, Әлия Бутаева ұлын арандатпақ болған. 

“Ол өзінің арам пиғылын алдын ала жоспарлады. Менің ұлым онымен ара-қатынасын әлдеқашан үзсе де ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Ұлымның пәтеріне баса-көктеп кірген. Сол күнгі бейнежазбаны да тұрғын үй кешенінен алған. Негізінен ол үйде тұрмайды. Заңсыз қолына түсірген”, – дейді Шәріп Серіктің анасы. 



Актердің анасының сөзінше, қоғамды дүрліктірген атышулы бейнежазба екі ай бұрын болған. 

“Бетіне шапалақ тисе неліктен сол 8 ақпан күні полиция шақырмады? Экпертиза жасатпады, арызданбады?! Неге 2 ай өткеннен кейін полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Неліктен полиция бөліміне қасындағылар “осылай айт” деп балама видео жазуға мәжбүрледі?” – дейді анасы. 

Сондай-ақ анасы блогердің екі жыл бойы ұлының табысына күн көргенін жайып салды. 

“Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып әдемі киім киіп жүр?! Ол танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, оқырман жинап алды. Ел-жұртқа “жалған айтып” жала жауып ұлымды қаралады. Бәрі де ұмытылады. Бірақ бір Алла ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды”, – дейді Гүлнар Мұратқызы. 

Еске салайық, актер Шәріп Серік тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған еді. 

Талқылау