"Ұлыма пайдакүнемсің деп айтқан": Назым Қаһарман Бишімбаевтың ата-анасы немерелерін ақшасыз қалдырғанын мәлімдеді

Блогер Назым Қаһарман Airan Aqpan-ға берген сұхбатында абақтыда отырған экс-күйеуі Қуандық Бишімбаевпен арадағы алимент үшін дауға оның ата-анасы себепкер екенін айтты осынша байлығы қайдан шыққанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Назым Қаһарманның айтуынша, негізі дау Бишімбаевтың ата-анасымен болған, ал Қуандықтың өзі балалары үшін жақсы әке болуға тырысқан.
“Алмира Нұрлыбекова мүлікті балалар кәмелетке толғаннан кейін жазатынын айтты. Шын мәнінде бұдан жаман нәрсе жоқ. “Мынаны істесең, кейін соны аласың, тағы бір нәрсе береміз” деген сияқты. Кейбір туыстар “Шыдасаңдаршы, ақыры пәтер аласыңдар ғой” деді. Мұндай пікір жиі айтылады. Бірақ бұл балаға теріс әсер етуі мүмкін ғой”, – деді ол.
Сондай-ақ ол ұлының ата-әжесімен болған оқиғасын да баяндап берді.
“Ұлым қарындасына төленетін алимент тақырыбын қозғаған, оған Қуандықтың ата-анасы “Сен осындай пайдакүнемсің бе?” деп айтқан, ал ұлым бар болғаны қарындасы үшін уайымдап отыр ғой. Сол түні менің 14 жастағы ұлым қырық жастағы ер адамға айналды”, – дейді Назым.
Блогер мұндай жағдай баланың психикасына теріс әсер ететінін, мінезінде агрессия, ашу немесе нарциссизм сияқты қасиеттер қалыптасуы мүмкін екенін айтты. Ал пәтер оның жан дүниесіндегі бос орынды толтыра алмайды.
“Ақырында адам өз денсаулығы, бақыты, өмірі, тағдыры құртылады. Менің ойымша, Қуандық – осындай тәрбиенің нәтижесі. Шын мәнінде ол дарынды, ақылды адам еді, жақсы қасиеті де көп болды. Бірақ дұрыс емес тәрбие адамды өте жағымсыз күйге жеткізуі мүмкін”, – деп түсіндірді ол.
"Опасыздық жасады": Назым Қаһарман экс-күйеуі Қуандық Бишімбаевпен өмірі туралы ашып айтты
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Бишімбаев осыншама байлықты қайдан алғанын айтқан еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған