Терроризмге қатысы бар деп айыпталған жасөспірімге сот классикалық кітаптар оқуға үкім шығарды
Ұлыбританияның Лестер қаласының соты 21 жастағы Бен Джонға классикалық әдебиетті оқуға үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Басылымның мәліметінше, Бен Джон өзінің 18 жасынан бастап-ақ ұйымдардың 67 788 құжаттары мен бомба жасау жөніндегі нұсқаулықты жүктеп алған. Ол, сондай-ақ өзін Линкольнширдегі фашистік астыртының бір бөлігі деп мәлімдеген хатты жариялап және гейлерге, иммигранттар мен либералдарға қарсы шыққан. Сот отырысы Де Монтфорт университетінің бұрынғы студентін терроризмге кінәлі деп табады. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін болған.
Алайда судья Тимоти Спенсер Джонның әрекетін "жасөспірім кездегі ақ пен қараны ажыратпау" деп есептеп, оны екі жылға шартты түрде бас бостандығын шектеп, Джейн Остиннің "Тәкаппарлық пен алалаушылық" және Чарльз Диккенстің "Екі қала туралы ертегі" романын, сонымен қатар Энтони Троллопа, Уильям Шекспир мен Томас Хардидің кітаптарын оқуға бұйырады. Джон судьяға айына бір рет оқыған кітаптары туралы есеп беріп тұруы қажет.
Бұдан бөлек полиция британдықтың интернеттегі белсенділігін бес жыл бойы бақылайтын болады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
