Әйел телефонның көмегімен үш айлық ұлынан қатерлі ісіктің сирек кездесетін түрін анықтады
Әйел телефон жарығы арқылы баласының көзінен ретиноблостома қатерлі ісігі барын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылыман сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
40 жастағы Сара Хеджес кешкі ас дайындап жатып ұлы Томастың көзінен “ақ жарық” байқаған. Алғашында жарық Томастың қарашығына шағылысты деп ойлаған, бірақ кейін оны бұл нәрсе алаңдата бастапты. Келесі күні ол ұлының көзіндегі ақ дақтың сол күйі тұрғанын байқаған. Сөйтіп ол телефон камерасының жарқылын қосып, ұлның көзін суретке түсіреді. Суретте баланың көзіндегі ақ дақ анық көрінеді. Интернеттен бұл туралы ақпарат іздегенде мұның қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін деген дерекке көзі түседі. Сара бірден терапевт дәрігердің қабылдауына жазылады.
Дәрігер сәбиді тексеріп, оған ретинобластома диагнозын қойды. Ретинобластома – екі жасқа дейінгі балаларда кездесетін көз торының қатерлі ісігі.
- Көз торы қатерлі ісігінің белгілері:
- Көздің қысылуы;
- Көрудің, жарыққа реакциясының төмендеуі;
- Қарашықтың үлкеюі;
- Нұрлы қабық түсінің өзгеруі;
- Көздің қызаруы;
- Ауырсыну.
Ретинобластоманың ең көп тараған белгісі – лейкокория – қарашық аймағындағы ақ дақ.
Диагноз қойылған соң бала дереу Лондондағы ауруханаға жіберілді. Ол алты химиотерапия курсынан өтті. Дер кезінде жасалған емнің арқасында сәби қатерлі ісік ауруын жеңіп, толық жазылып шықты. Сараның айтуынша, Томастың қазір денсаулығы жақсы.