Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлболсыннан Айшаға": Аты-жөнін өзгерткен қазақ қызы желіде қызу талқыға түсті

аты-жөнін өзгерткен аруФото: "Наша газета"

Қостанай облысының тұрғыны есімін Ұлболсыннан Айшаға ауыстырып, қуанышты сәтін Instagram желісінде бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода әйелдің жаңа құжатын Халыққа қызмет көрсету орталығынан алып жатқаны көрсетілген. Енді оның аты-жөні Айша Рахымжанқызы.

"Енді мен Айша Рахымжанқызы", – деп жазды видео авторы.

Бұл видео 1,6 миллион қаралым жинап, желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Пікір қалдырған қазақстандықтар әйелдің шешімін қолдады.

"Бір қуаныштысы біздің ұрпақ енді қыздарын бұлай атамайтын болды", "Дұрыс. Бұл қыздарға қатысты өте әділетсіз дәстүр еді!", "Қандай символикалық: Ұлболсын (ұл туса екен) есімі Айшаға ауысты. Құтты болсын, өміріңіз өзіңіздікі болсын!" – деп жазды желі қолданушылары.

Кейбір жазылушылар өздерінің де есімдерін осындай себеппен өзгерткенін айтты.

"Менің де атым бұрын Ұлболсын еді, қазір Аяла", - деді оқырмандардың бірі.

Қазақтар арасында ұл күту ниетімен қыз балаға осындай мағынадағы есім қою дәстүрі бар. Әдетте мұндай есімдер төртінші немесе бесінші қыз дүниеге келгенде қойылады, себебі ата-аналар келесі баланың ұл болуын қалайды. Мұндай есімдер қатарына Ұлболсын, Ұлжан, Ұлпан, Ұлбала, Ұлмекен және басқа да аттар жатады. "Ұлболсын" есімі тура мағынасында "ұл туса екен" дегенді білдіреді.


"-ов" жалғауынан бас тарттым": Әнші IL’HAN тегіне қатысты сұраққа жауап берді


"Атамның аты бұрмаланып, "Калик" деп жазылып кеткен": Белгілі қаржыгер Мақсат Халық тегін қазақшаландыруда қандай қиындықтар болғанын айтты


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда енді жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыруға болатынынжазған едік. Мәліметтерге сенсек, жобаны ішкі істер министрлігі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірлеп жатыр. Кейбір деректерде құжаттарды тіпті мобильді қосымша арқылы рәсімдеуге болатыны айтылған. Жобаны іске асыру бір жылға созылуы мүмкін. Алдын ала жоспар бойынша, ол 2026 жылдың 31 наурызында іске қосылады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 11:37
Талқылау