"Ұл тумадың": Келіншек өмірге бес қыз әкелгені үшін айыпталды

Келіншек өмірге бес қыз әкелгені үшін айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әсемгүл Бабылбекова есімді 5 құрсақ көтерген ананы екінші күйеуі ұл туа алмайсың, артымды жалғастыратын ұрпақ керек деп тастап кеткен. 16 жасында тұрмыс құрып, бірінші жарынан екі қыз дүниеге әкелген Әсемгүл онымен арақатынасын бұзып, артынша өзінен 16 жас үлкен ер адамға тұрмысқа шығады. Одан тағы үш қыз дүниеге әкеледі. Алайда, Әсемгүл бесінші қызды дүниеге әкелерде қатты ауырып, жатырын алып тасауына тура келген.

"2018 жылдың желтоқсанында қатты қиналып кеттік. Қыздардың жолдарына, сабақтарына керек, айраны, памперсі бар, квартирада тұрамыз. Күйеуім балажанды, балаларын қатты жақсы көреді. Бірақ, соңғы кездері қатты өзгеріп кетті. Өзі де ауырды. Содан кейін менің артымнан бір тұяқ керек деп айта бастады. Бізден алыстап кетті. Өзі жалғыз ұл, ешкімі жоқ", - дейді Әсемгүл Бабылбекова. 

Әсемгүл дүниеге бала әкеле алмайтынын күйеуінен жасыра алмаған. Бастапқыда жарайды деп келіскенімен, күйеуі артынша сөзінен тайып шыққан. Күйеуінің де жағдайы нашарлап, мүмкіндігі болмағаннан кейін, бес қызды анасына қалдырып жеке шығып кеткен.

"Мен енді бала туа алмаймын. Бесінші қызымды әрең дүниеге әкелдім. Жатырымды алып тастады. Бала көтере алмаймын. Дәрігерлер күйеуіңе айтпа деген. Мен күйеуімнен ештеңе жасырған емеспін. Шындықты айттым. "Сені тастамаймын, осы бесеуі жетеді. Бала жоқ емес, бар" деген болатын. Ақшадан қинала бастағанда өзгерді. Анда-санда келіп тұрады", - дейді Әсемгүл Бабылбекова. 

Бұл жағдайдың мән-жайын анықтаған психолог Әсемгүл Бабылбекованың күйеуінің не себепті бұлай жасағанын түсіндіріп берді.

"Күйеуі қатты күйзеліске ұшыраған. Ер адам өзінен кейін өмірін жалғастыратын ұрпақ қалдырғысы келеді. Оның үстіне өзі ауырып, өмірдің қиындығына шыдамай, тек қыз дегенді сылтау ретінде айтуы да мүмкін. Ол Алланың қолында. Анасына айтарым, барлық күш-қуатын жинау керек", - дейді Меруерт Мұратова.

28 жасар келіншек не тіркеуге тұрмаған, балаларына тиесілі қаражатты да ала алмай отыр. Ол мамандардан көмек сұрап, жанын қоярға жер таппай жүр. Не анадан, не бауырдан, не күйеуімнен қайыр жоқ деп отыр ол.

Комментарий тастау үшін сізге сайтқа ену керек
Комментариялар
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 10 бала уланып ауруханаға түсті

Ата-аналар орталықтың дәретхана суы таза суға қосылып кетті деп айыптап жатыр

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Қазақстандық делегация Сирияның Дамаскі қаласына аттанды

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Өнер иесі орыстың келіні болды

Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып қайта сайланды

Асқар Мамин: Бұл бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Жұрт әншінің жаңа образын жақтырмай қалды

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

Қытай ғалымдары арнайы зерттеу жасады

Адам суицидке жанын ауыртқан адамды жазалау үшін барады — психоаналитик

Анна Құдиярова адамдардың неге өзін-өзі өлтіретінін түсіндірді

6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген

Бала өте әлсіреп қалған күйде табылды

"Әжемнен дарыған қасиет": Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты

Әнші көріпкелдердің байқауына қатысқан

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Қарияға үш бала сыйлаған әйелі оның мұндай шешіміне түсіністікпен қарапты
Çàãðóçêà...