Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұл ма әлде қыз ба": Төреғалидің қарындасы Дина сәбиінің жынысын хабарлады

Жақында желідегі оқырмандарына cәбилі болатынын хабарлаған Дина Төреәлі гендер-патиінен әсерлі видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Желідегі видеодан Төреғали Төреәлінің қарындасы гендер-патиге ең жақын деген туыстарын шақырып, өзара атап өткенін байқауға болады. Гендер-патиді қыркүйек айында жасалған. Блогер бұл кешті өзі ұйымдастырғанын жеткізді. 

Алдымен келген қонақтарға "ұл ма, қыз ба" деген сауалнама жүргізілген. Дина Төрәлінің әкесі де, анасы да ұл болады деп ойлайтындарын айтады. 

Бұл сұраққа әнші Төреғали Төреәлі де жауап береді. 

"Бұл аса бір маңызды сұрақ емес деп ойлаймын, бірақ қызықты сұрақ. Біз ұл болады деп ойлаймыз, өйткені Фари де қыз болады деп ойладық", - деді Төреғали Төреәлі.

Гендер-пати ерекше стильде өтті. Блогердің жолдасы Ернар Мұсабай кішкентай футбол добын тебеді, сол кезде оның ішінен көк түтін шығады. Дина Төреәлидің сәбиінің жынысы ұл екені белгілі болады.

Талқылау