Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК шекарадан өту үшін жалған анықтамалар сатқан дәрігерлерді ұстады

Қазақстанға кіру және шығу үшін жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сатқан медициналық орталықтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен «Ж» жеке медициналық орталығымен ұйымдастырылған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметі тоқтатылды.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларын асыру барысында, жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.

Комитет мәліметінше, жедел-тергеу шараларының нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды. Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

"Белгілі болғандай, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын тұлғаларға сатып отырған. Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланды. Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен ҚР ҚҚ 385 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді ведомствода.

Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

Нәтижесінде, 2020 жылдың 19 қарашасында сотпен күдіктілер ҚР ҚҚ 385 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 МЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

"Тағы айта кететін жайт, соңғы уақытта түрлі әрекеттерді қолданып, ҚР-РФ шекарасын заңсыз өту талпыныстары байқалуда. Биыл қыркүйектен бастап 3 ШҚО тұрғыны жалған ДКК қорытындыларын пайдалану арқылы шекарадан заңсыз өту әрекеті тоқтатылды", - деп қосты Ұлттық қауіпсіздік комитетінде.

Талқылау