ҰҚК Семей қаласының тұрғынынан ежелгі Сақ дәуірінің тарихи жәдігерлерін тәркіледі
Ұлттық қауіпсіздік қызметі тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰҚК таратқан ақпаратқа сүйенсек, тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленген.
- Алматы әуежайында бұрын зорлау, кісі өлтіру фактісі бойынша сотты болған аса қауіпті қылмыскер ұсталды
- Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды
“Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды”, – делінген мәліметте.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"