ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов екі бірдей кітап шығарады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-лейтенант Кәрім Мәсімовтің дайындауымен екі бірдей кітап баспаға дайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК сайтында жазылғандай, кітаптардың атауы "Отандық арнайы қызмет хроникасы. Адамдар, оқиғалар және фактілер туралы тарих" және "Мемлекеттік шекара" деп аталады.
Кітаптарда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекетіміздің шекарасын қорғауға лайықты үлес қосқан жедел әрекет ету қызметкерлері мен шекарашылардың қызметтері туралы айтылады.
- Атырау облысына жасаған іссапарында тас жолды көлікпен емес, тікұшақпен тексерген премьер-министр сынға қалды
- Көрші елдерде індет қайта өршуде: Премьер-министр әкімдерге тапсырма берді
"Кітап бетіне тек жария етуге болатын ақпараттар енгізілді. Ол нақты адамдармен, оқиғалар мен фактілермен негізделген. Қатаң деректі стильде жазылып, тікелей қатысушылардың эмоцияларымен ұштастырылған. Кітап өз оқырмандарын табады деп сенемін", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ