Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Эйр Астанамен” соттасқан Оғыз Доған ақыры жеңіп шықты

Қазақ тілінде қызмет ала алмай, қор болғаны үшін “Эйр Астана” компаниясын сотқа берген түрік азаматы ақыры жеңіп шықты. Күні кеше, яғни 21 желтоқсан күні Оғыз Доған мен “Эйр Астана” компаниясы арасындағы соңғы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотының судьясы Айгүл Тұрсағұлова “Эйр Астананы” кінәлі деп танып, компанияны 1 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Оғыз Доғанның құқығын қорғаған адвокат Абзал Құспанның айтуынша, Айгүл Тұрсағұловаға дейін екі бірдей судья бұл істен бас тартқан. Түрлі сылтау іздеп, істі соза берген.

“Әртүрлі себепті сылтау қылған екі бірдей судья Айгүл Тұрсынқызына дейін осы істі қараудан бас тартқанын, соның нәтижесінде істің қаралуы созылып кеткенін біреу білсе, біреу білмес. Алдыңғы судьялардың шын мәнінде не себепті ондай шешімге келгендерін мен әрине білмеймін. Мүмкін Дариға апамыз айтқандай “аузынан от бүріккен Эйр Астана” ықтырды ма, әлде өздері көлеңкелерінен қорқып әсіре сақтық танытты ма, ол бір Аллаға аян.

Алайда, істі өз қолына Тұрсағұлова Айгүл Тұрсынқызы алуы сол екен, бәрі жанданып сала берді, бар-жоғы үш отырыста істі қарауды аяқтап, шешімін жариялап тастады”, – деп бөлісті Абзал Құспан желіде.

Айтпақшы, Оғыз Доғанның басына іс түскенде, “Эйр Астананы” сотқа берсе, жеуіне мен кепілмін” деп уәде берген дәл осы адвокат Абзал Құспанов болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы байлар мен олардың отбасын кімдер, қалай және қаншаға қорғайтынын анықталды (фото)

Қызылордалық келін: Қайын апаларымның қонағын күтіп, үйін жинап кету міндетім (фото)

Қазақстандық қыз Нью-Йоркте қаза тапты

Қызылордада әкімдік зағип жандарға Тәуелсіздік күніне орай ескі, істемейтін телефон үлестірген (фото)

Талқылау