Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эрик Тастамбеков қазақстандық арналарды тегін көрсетпеген операторларға ренжулі

Продюсер Эрик Тастамбеков қазақстандағы музыкалық арналардың болашағына алаңдап жүр. Ол кабельді операторлардың отандық арналарға қолдау көрсетпейтіндігін айтуда.

image

Фото: instagram.com/erik_tastembekov/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда қазақстандық сапалы бейнебаяндарды тегін көрсететін музыкалық арна ашылған-ды. Алайда осы арналарды кабельді операторлар тегін көрсетуден бас тартқан. Эрик Тастамбеков осы мәселеге қатысты наразылық білдіріп, жастардың заманауи өнерден құр қалатындығын жеткізді.

“Дәл қазір дағдарыс кезінде отандық өнімдерді қолдаудың маңызы зор! Алайда неге екені белгісіз бұл сөздер салық төлеп, мемлекетіміздің заманауи өнерін насихаттап, жұмыс орындарын ұйымдастыратын музыкалық каналдарды айналып өтеді! Бар мәселе кабельді операторларымыздың отандық музыкалық арналардан тым көп ақша талап етуінде.

Мұнымен қатар, олар керісінше ресейлік және шетелдік каналдарға оларды көрсету үшін қыруар қаржы төлейді. Қазақстанда музыкалық каналдар шетелдегідей көп емес. Бұл кабельді операторларға не керек? Қаражаттан қысылып, жабылып қалғандарын қалай ма? Сонда біздікілер өз әншілерін қайдан көрмек?

Біздікілерді Ресей мен шетелдік арналардың көрсете қоятынына күмәнім бар. Мен кабельді операторлар шетелдік арналарға төлемесін демеймін, бар болғаны отандық музыкалық арналарға қолдау көрсетіп, оларды тегін көрсетсе екен деймін. Осы мәселеге министрлік назар аударады деген үміттемін!” – дейді Эрик Тастамбеков.

Продюсердің бұл сөздерін желі қолданушылары ғана емес, әріптестері мен шәкірттері де қолдай түсті. Алғашқылардың бірі болып қолдау көрсеткен Ерке Есмахан болды.


Жіберіп алмаңыз:

Эрик Тастамбеков: Баян Есентаева Францияда емделіп жатыр

Талқылау