Элиталы бала бақшаның тәрбиешісі ұйықтамай қойған бүлдіршінді кілтпен және тәпішкемен ұрған
Қазандағы (Ресей) элиталы бала-бақшаның тәрбиешісі 4 жасар балаға жасаған қатігездігі үшін істі болды, деп хабарлайды РФ-ның Тергеу комитетіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Тәрбиеші тынығу уақытында ұйықтамай қойып, өзге балалардың ұйықтауына кедергі келтірген баланы кілтпен және тәпішкемен ұрған. Сонымен қатар оның бетін жастықпен жауып, бөлменің жарығын сөндіріп, қамап кеткен», – делінеді хабарламада.
Әйел баланы өміріне қауіп төндіріп, оны заңсыз түрде бас бостандығынан айырғаны үшін айыпталып жатыр.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Оқи отырыңыз:
Спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, жаңа рекорд орнатты (видео)
«Тақтар ойынының» жұлдызы әлемдегі ең мықты адам ретінде мойындалды (фото)
Клипсіз танылған Саят Медеуовтің жаңа бейнебаяны көпшілікті тәнті етті (видео)
Бейтаныс әйелдің жағдайына алаңдаған Сәкен Майғазиев жұрттың жүрегін елжіретті
Талқылау