Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-да белгісіз ер адам Түркіменстан президентіне тұра ұмтылды (видео)

ЕХРО-ның алғашқы күні мерекенің шырқын бұза жаздады. Түркіменстан елінің павильонын ашқан түркіменбашыны Өзбекстан президентімен шатастырған ол қолындағы арнайы жазған хатын ұсынамын деп күзеттің бөгетін бұза-мұза алдынан атып шықпақ болды.

20170611085951

“Онсыз да әр көлеңкеден күдіктеніп жүрген күзет шағымы бар шалды президентке жеткізбей, орта жолдан алып кетті. Таң атпай мұндайды күтпеген күзетшінің бірінің тіпті тапаншасы жерге түсіп қалды. Осынша жауапты шарада саяси маңызды тұлғаға не шағыммен жүгінбек болды екен деп жақындай барғанымда бейшара қария басына түскен іспен бөлісіп үлгерді.

Айтуынша, өзі Өскемендікі. Мүгедектігіне байланысты пәтер кезегінде тұрғанына 12 жыл болыпты. Баспана әлі бұйырмаған. Қазақ билігінен қайыр таппаған ол қайын жұрты өзбек болғасын, мәселесін шешуге Өзбекстан президенті көмектесер деген үмітпен келген екен ЕХРО-ға. Алайда, құрметті қонаққа хатын ұсынбақ түгілі маңайына да жолай алмаған азаматты арнайы күзет пен тәртіп сақшылары белгісіз жаққа алып кетті. Айтқанының рас-өтірігі белгісі”, – деп жазады журналист Ботагөз Мақыш Facebook парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Қарыз болған күнді 60 күн өтеу: Оразадағы кәффарат деген не?

Маңғыстауда акушер жол бойындағы дәмханада жүкті әйелді босандырып алды

Қыз бен жігіт жолаушылардың көзінше ұшақта секспен айналысты (видео)

Талқылау