Қарыз болған күнді 60 күн өтеу: Оразадағы кәффарат деген не?

Жексенбі, 11 Маусым , 2017 9:27

Қаза – бұзылған оразаның күніне күн ораза ұстау. Кәф­фа­ра­т – кім­де-кім Ра­ма­зан­да әдейі еш­қан­дай се­беп­сіз бір күн ора­за­сын бұз­са, оған кәф­фа­рат ре­тін­де бір құл­ды не­ме­се күң­ді азат етуі, егер оған ша­ма­сы жет­пе­се, екі ай қа­та­ры­нан ора­за ұс­тауы, егер бұ­ған да кү­ші жет­пе­се, ал­пыс жоқ-жі­тік­ті та­мақ­тан­ды­руы тиіс.

163563-INNERRESIZED600-500-jznLMS6psKg

Бі­рақ Ра­ма­зан ора­за­сы­нан тыс ора­за­лар­да тек қа­на қа­засы өтеледі.
Құ­ран­да бұл жайлы бы­лай де­лі­не­ді: «Бас­та­ған із­гі іс­те­рің­ді бұз­баң­дар»1.
Ораза кәффараты Пайғамбарымыз бен бір сахабаның арасында болған жағдайдан туындаған, деп жазады muftyat.kz.

Сахабалардың біреуі «құрыдым» деп Пайғамбарымызға келіп, ораза айында күндіз әйелімен жыныстық қатынаста болғандығын айтады. Бұған Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:

– Құлды азат етуге жағдайың жете ме?

– Жоқ.

– Қатарынан екі ай ораза тұта аласың ба?

– Жоқ. Онсыз да осы оразаға сабырым жетпегендіктен осы жағдайға ұшырадым.

– Алпыс кедейді тамақтандыратын жағдайың бар ма?

– Жоқ.

Осы уақытта пайғамбарымызға бір жәшік құрма әкелінеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл құрманы түгелімен әлгі адамға беріп, кедейлерге таратуын табыстайды. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл жерден менен өткен кедей таппайсыз», – дегенде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләй-һи уәсәлләм) күлімсіреп: «Онда жанұяңа апар, өздерің жерсіңдер», – дейді2.
Рамазан айында ешбір себепсіз ораза ұстамау үлкен күнә. Сондықтан себепсіз ораза тұтпаған адамға осындай ауыр «кәффарат» жазасы белгіленген.
Рамазан айында оразаны бұзу себебіне қарай тек қазамен не қазамен қосып кәффаратты бірдей өтеу болып екіге бөлінеді.

Тек қа­на қа­за­сын өтейтін жағдайлар.

1. Қа­те­ле­сіп, бір нәр­се ішіп-жеу. Мысалы: бір адам ораза екенін біле тұра дә­рет алып жат­қан кез­де байқау­сыз­да та­ма­ғы­на су ке­тіп қал­са немесе қар­ды аузы­на са­лып, қателесіп та­ма­ғы­нан өт­се т.б. оразаны бұзады.
2. Тіс­те­рі­нің ара­сы­нан шық­қан қан тү­кі­рік­пен бір­дей не­ме­се одан көп бо­лып та­мақ­тан өт­се ора­за бұ­зы­ла­ды. Аз бол­са, бұ­зыл­майды
3. Аузы бе­рік адам өз қалауы­мен ауыз тол­ты­рып құс­са, ора­за бұ­зы­ла­ды. Өйтке­ні  аз не­ме­се кө­бі іш­ке қайта ке­те­ді.
4. Ауыр жұ­мыс­та жүр­ген кез­де ауы­рып қа­лу не­ме­се өзі­не бір зиян тиюі­нен қор­қып ора­за­сын бұзуы.
5. Ұмы­тып бір нәр­се ішіп-же­ген кез­де «ора­зам бұ­зыл­ды» де­ген ой­мен ішіп-жеуді жал­ғас­ты­ру.
6. «Күн бат­ты» деп жа­ңы­лы­сып, ау­зын аш­са, бі­рақ күн­нің одан кейін бат­қа­нын біл­се, ора­за­сын бұз­ға­ны үшін, тек қа­на қа­за­сын өтейді. Сә­ре­сі­де та­мақ ішіп отыр­ған кез­де таң уақы­ты кір­се де­реу ау­зын­да­ғы­сын шы­ғар­са, ора­за бұ­зыл­майды.
7. Түн­де ора­за­ға ниет­те­ніп, бі­рақ таңер­тең жол­ға шы­ғып, жол­да ора­за­сын бұ­за­тын бол­са.
8. Емдік мақсатпен ағзаға бір нәрсе жіберілсе
9. Мұрынға дәрі тамызылса.

Тағы да оқыңыз:

Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Тарауық намазының пайдасы қандай?

Шыдамы жетпеген адам орта жолдан оразасын бұзуға бола ма?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар