Экс-министр Бишімбаевқа қатысты жаңа айыптау актісі оқылды
ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты жаңа айыптау актілері белгілі болды. Бұл туралы сотта прокурор оқыды, деп хабарлайды Stan.kz.
Экс-министрге қатысты тергеу 7-8 айға созылды. Нәтижсінде айыптау актісі жасалды.
Актіде Бішімбаевтің сыбайластарына қатысты баптар өзгертілді. Бірақ, экс-министрді айыптайтын баптар өзгеріссіз қалды. Адвокаттың айтуынша, жасалған жаңа акті айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған.
«Аталған айыптау актісінде біздің қорғалушымыз (Қуандық Бишімбаев) қашан, қайда, қандай жағдайда, қандай тұлғалардың қатысуымен белгілі бір қылмысты жасағаны жан-жақты баяндалған», – деді адвокат Сәлімжан Мусин.
Сонымен қатар, Бішімбаевтің сыбайластарының қатарынан бірнеше тұлға шығарылған.
Сот отырысы барысында прокурор Әлібек Айтжанов Қуандық Бишімбаевты делдалдар арқылы ірі көлемде пара алды деп айыптады.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 10 қаңтарында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталған болатын.
Тағы оқыңыз:
Бишімбаев әлдебір бикешке қымбат пәтер сатып әперген
Сот алдында жауап берген Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады
Қуандық Бишімбаев зәулім коттедждің кімге тиесілі екенін айтты