Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ үшін ата-анадан 600 мың теңге сұраған: Атырау облысында мектеп директорының орынбасары ұсталды

Атырау облысында мектеп директорларының орынбасарлары пара беруге итермелегені үшін ұсталды.

ҰБТ тапсыру үшін 600 мың теңге беруді сұраған: Атырау облысында мектеп директорының орынбасары ұсталды

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті аймақтағы екі мектеп директорының орынбасарларына пара беруге итермелеу фактісін анықтады.

Олар алдын ала келісім бойынша бір топ адамдармен әрекет етіп, мектептің ата-анасын ҰБТ тапсыру үшін мемлекеттік комиссия мүшелеріне 600 мың теңге көлемінде пара беруге итермелеген деген күдік бар.

«Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты ақырғы үкім олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сотпен шығарылады», - деді агенттік.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Шілде, 2019 15:08
Талқылау