Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион": Нұрсұлтан Назарбаевқа мәртебе берілмеген болып шықты

Жақында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион" мәртебесіне ие болғаны туралы ҚР СІМ хабарлаған еді. Белгілі болғандай, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының  сессиясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы сөз қозғағанымен, арнайы мәртебе бермеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі factcheck.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

Атқарушы хатшы ядролық сынақтарға тыйыс салу мәселесі бойынша екі ел президентіне алғыс айтқан. Спикер The Group of Eminent Persons (GEM, Көрнекті қайраткерлер тобы) мүшелері ретінде шартты ілгерілетуге қатысқаны үшін саяси қайраткерлер: Назарбаев пен Халоненгке алғыс айтқан.

"Мен сіздерге алғыс айтқым келеді, екі президентке – Назарбаев… бұрынғы президент Назарбаев пен президент Тарью Халоненге Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы Шарт бойынша көрнекті қайраткерлер тобына қолдауы үшін алғыс айтамын", - деді ол.

Лассин Зербоның баяндамасындағы Қазақстанның аты аталған жерде Нұрсұлтан Назарбаевқа мәртебе беру, оның ішінде «ядролық сынақтардан азат әлем үшін» мәртебесі туралы мүлдем ештеңе айтылмағандығы туралы  шығыстанушы Жар Садыхан алғашқы боп байқап, өзінің инстаграмында жазған. 

Ал Бас Ассамблеяның 74-сессиясының төрағасы Тиджани Мухаммад-Банде де сөйлеген сөзінде Қазақстанды атап өтті, бірақ «мәртебе» туралы сөз қозғамаған.

"Мен Финляндия мен Қазақстанның ядролық сынақтарға және басқа да ядролық жарылыстарға тыйым салу ісін ілгерілетудегі рөлін мойындағым келеді", - деген ол.

Тиджанидің ағылшын тілінде қолданған championing сөзі «қолдау, қорғау, жақтау» мағынасын да білдіреді. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының сайтында ҚР СІМ жариялаған мәтінге ұқсас тұжырымдама жоқ. Ағылшын тілді сайттардың (оның ішінде БҰҰ сайты да бар) ядролық сынаққа қарсы күрес тұжырымдамаларында Champion сөзі «күрескер» мағынасында қолданылады.

Осылайша, қате аударма ақпараттың бұрмалануына және осы күйінде БАҚ-тарда жаппай жариялануына себеп болды. Сессияда «бірегей мәртебе» туралы емес, ядролық сынақтарға тыйым салу үшін күресте Назарбаев пен Тарья Халоненнің елеулі үлесін мойындау туралы әңгіме болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр