Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ядролық қарудан бас тарту – Қазақстанның ұлы шешімі:  Ким Дэ Сик

Сеулде өткен дөңгелек үстелде Корея Республикасының Астанадағы бұрынғы елшісі Ким Дэ Сик Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуын басқа мемлекеттер үлгі ету керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дипломат КХДР-ның ядролық қарудан бас тартуы Корей түбегіндегі жағдайды айтарлықтай жақсартуы мүмкін екенін алға тартты. Қазақстан басшылығының 1991 жылы 29 тамызда қабылданған Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімін Ким Дэ Сик бүкіл әлемде қауіпсіздік пен қаруды қысқартуға бағытталған ұлы шешім деп атады.

“Соңғы кездері Еуразия аймағындағы жағдайды көріп, жұртшылық кейбір мемлекеттер ядролық қарудан бас тартса, соғыс болмас па еді деп ойлайды. Расында да, ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан қазір қауіпсіз, көршілес мемлекеттермен жақсы қарым-қатынаста. Мен Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуын бейбітшілік үшін жасалған үлкен әрі дұрыс шешім деп бағалаймын. Ал Солтүстік Корея Қазақстаннан үлгі алуы керек деп есептейміз”, – деді Ким Дэ Сик.

Талқылау