Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады": Тоқаев әлем эконимикасы туралы тоқталды

ядролық қақтығыс novayagazeta.eeФото: Novayagazeta.ee

Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде ядролық қақтығыс қаупінің жоғары екенін атап, халықаралық шиеленісті азайтудың басты жолы ретінде конструктивті дипломатияның маңызын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде мәдениеттер арасындағы қарама-қайшылық күшейіп, сауда және санкция текетірестері бәсеңдемей тұрғанына, жаппай қарусызданудың орнына әскерді жарақтандыру жарысы басталып кеткеніне тоқталды. 

"Дүние жүзінің әртүрлі аймағында жүріп жатқан гибридті соғыстардың майдан шебі айқын емес. Алайда қисапсыз адам шығынына ұшыратып, толассыз босқындар нөпіріне түрткі болып отыр. Экономикаға орасан зор залал тигізіп отыр. Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады. Сарапшылар зұлымдық пен мейірімділік тартысқа түсетін мұндай шешуші сәттің болу ықтималдығы соңғы он жылда күрт артқанын жиі айта бастады”, – деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, өкінішке қарай, әлемде конструктивті ұсыныстарды ортаға салып, саяси ұстамдылық танытудан гөрі өшпенділік өршіп, геосаяси жіктің арасы алшақтап, әлеуметтік шиеленіс одан сайын ушығып барады. 

"Менің ойымша, мұндай қилы кезеңде диалогқа шақыратын, бірін-бірі жатсынуды доғаруға үндейтін, халықаралық аренадағы өзара сенімді арттыратын басты амал ретінде конструктивті дипломатия алдыңғы орынға шығуы керек", – деді президент.


Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ – Тоқаев


Жапония Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 4 миллиард теңге көмек бермек


Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай X әлеуметтік желісінде үндеу жариялаған еді. Президент бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясының Қазақстан бастамасымен бекіткенін еске салып, халқымыздың атом қаруын сынаудан қатты зардап шеккенін айтты. Ол бейбітшілік пен халықаралық әріптестікті нығайту, ядролық қарудан біржола бас тарту қажеттігін атап өтті.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 12:36
Талқылау