Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

​​Wildberries кеңсесіндегі атыс: Владислав Бакальчук кісі өлтірді және озбырлық жасады деп айыпталды

Владислав Бакальчукке Wildberries кеңсесіндегі атыстан кейін адам өлтіру, өлтіруге оқталу, құқық қорғау органының қызметкерін өлтіруге оқталу және озбырлық баптары бойынша айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: DR

Владислав Бакалчук 48 сағатқа қамауға алынды. 19 қыркүйек күні таңертең оған қатысты Қылмыстық кодекстің “Кісі өлтіру", “Адам өлтіруге оқталу", “Құқық қорғау органының қызметкерін өлтірәге оқталу” және “Озбырлық” баптары бойынша іс қозғалды. 

Бұл туралы Владислав Бакалчуктің қорғаушылары мәлімдеді.

"Бұл біздің клиенттің құқықтарының бұзылуы. Мәскеудің орталығында қастандықтың құрбаны болған адамды бірқатар қылмыстық істер бойынша айыптап отыр", – делінген адвокаттар мәлімдемесінде.

Олар кісі өлтіруге тағылған айыптарды абсурд деп атап, тергеу оларға қысым көрсетіп жатқанын айтты.

Бакалчуктың қорғаушылары сондай-ақ "тергеу ағайынды Мирзоян мен Татьяна Бакальчуктың қарулы қылмыскерлермен ашық ынтымақтасатынына назар аударатынына" сенім білдірді.


 


Олар жалдаған күзетшілердің арасында лаңкестер мен соттылығы бар адамдар бар, дейді заңгерлер.

Владислав Бакальчук, кеңсеге әріптестерімен бірге Wildberries қоймаларының құрылысын тоқтатуға байланысты келіссөздер жүргізу үшін келгенін айтты. Ол бір күн бұрын қарулы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы өтінішпен ішкі істер министрлігіне хабарласқан. Осылайшы полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Wildberries кеңсесіне келген.

Бакальчуктың айтуынша, оның мақсаты WB қоймаларының құрылысын тоқтатуға байланысты жағдайды тез арада шешу үшін бейбіт келіссөздер жүргізу болған. Ол 18 қыркүйекте Мәскеу уақытымен сағат 12:00-де РВБ басшылығымен кездесу жоспарланғанын, оның барысында ресми құжаттарды тапсыру және жаңа қоймалар салу мәселесін талқылау жоспарланғанын айтады.

Ал Marketplace-тің баспасөз қызметі Владислав Бакальчук және оның өкілдерімен бұл күні кездесу жоспарланбағанын айтты.

Еске салсақ, осыған дейін Wildberries компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Татьяна Бакальчук Мәскеудегі кеңсені рейдерлік жолмен басып алмақ болғанын мәлімдеген.

Талқылау