Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp мыңдаған адамның телефонында істен шығады

Фото: Рexels.com/Anton

WhatsApp қосымшасы 1 маусымнан бастап iOS және Android жүйесіндегі ескі смартфондардың кейбір үлгілерінде істен шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 9to5Mac-қа сілтеме жасап хабарлайды

Мессенджер 1 маусымнан бастап iPhone 5s, iPhone 6, iPhone 6 Plus және жүздеген Android үлгілерінде өшіріледі. Қосымша iOS 15.1 және одан ескі нұсқалар орнатылған құрылғыларда, сондай-ақ Android 5.1-ден төмен нұсқаларда жұмысын тоқтатады. 

Бірақ 6s, 6s Plus және алғашқы iPhone SE иелері iOS 15.8.4 нұсқасын орнатса, мессенджерді әдеттегідей қолдана береді. 

Компания бұл туралы ескі құрылғылардың иелеріне смартфонды үйлесімді операциялық жүйеге жаңартуға кеңес берді. Жаңарту мүмкін болмаса, заманауи құрылғыға ауысу керек дейді.

"Қосымшаны пайдалануды шектеу дегеніміз – пайдаланушылар WhatsApp қосымшасын іске қоса алмайды немесе құрылғыда қосымша шектеумен жұмыс істейді. Сонымен қатар қауіпсіздік жаңартуларын орната алмайды" — делінген хабарламада.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 14:30
Талқылау