Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WBO: Жәнібек, Бивол немесе Шираз – Кроуфордтың келесі қарсыласы кім болмақ?

Фото: olympic.kz

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) америкалық Терренс Кроуфордтың (42–0, 31 КО) келесі жекпе-жектегі қарсыласы болуы мүмкін үш боксшыны атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абсолютті әлем чемпионының жаңа қарсыластары ретінде ресейлік Дмитрий Бивол (24–1, 12 КО), британдық Хамза Шираз (22–0–1, 18 КО) және орта салмақта WBO мен IBF белбеулерін иеленген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 КО) көрсетілді.

Ұйым әлеуметтік желідегі жазбасында: "Жәнібек пе? Бивол ма? Әлде Шираз ба? Үш есім, үш мүмкіндік, Кроуфордтың келесі қадамы қандай болмақ?" – деп бөлісті.

Соңғы уақытта қазақстандық чемпионның есімі Кроуфордтың ықтимал қарсыластары қатарында жиі аталып жүр. Бұған дейін Әлімханұлы америкалық боксшыға ашық түрде жекпе-жекке шақыру жасаған еді.

Кроуфорд 13 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (63–3–2, 39 КО) ұпай санымен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті чемпион атанды.

Жәнібек соңғы кездесуін 5 сәуірде Астанада өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14–1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша ол чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 16:41
Талқылау