WBC президенті Головкинге «жарнама жасады»
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкиннің есімі көрсетілген бейсболкамен түскен суретін Твиттерге жариялады.
«GGG бас киімімен бірге менің жағажайлық жинағым», – деп жазды функционер.
Сондай-ақ, танымал америкалық бокс шолушысы Берни Бармейзел Сулейманның фотосуретіне пікір жазып: «Керемет фото! Супермэн және GGG – жеңімпаздық комбинация», – деп атап өтті. Журналист Маурисионың суперқаһарман логотипі бар жейдесіне де назар аударған.
Тағы да оқыңыз:
Давид Вильяның ғажайып голы хитке айналды (видео)
Роналду өзінің қыз зорлады деген айыптауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді
Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай жейделер топтамасын шығарды
Талқылау