Warner Bros. компаниясы Paramount-тың ұсынысын қабылдамай Netflix-ті таңдады

Фото: REUTERS/Eric Gaillard/File Photo
Warner Bros. Discovery компаниясы Paramount ұсынған мәміледен бас тартып, Netflix-ті сатып алушы ретінде таңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды.
WBD директорлар кеңесі Paramount компаниясының WBD-ны күшпен сатып алуға бағытталған ұсынысын жеткіліксіз әрі тым жоғары тәуекелге толы деп тапты.
Акционерлерге арналған хатында WBD директорлар кеңесі Paramount-тың ұсынысын қарызға батып отырып компанияны сатып алу әрекетіне теңеген.
"Paramount компаниясы WBD-мен салыстырғанда айтарлықтай кіші болғандықтан, мәмілені жүзеге асыру үшін бірнеше қаржылық серіктеспен келісімдер арқылы 50 миллиард доллардан астам көлемде өте ірі қосымша қарыз тартуды жоспарлап отыр. Мұндай құрылым WBD мен оның акционерлері үшін әлдеқайда жоғары тәуекел тудырады", – делінген WBD хатында.
Ал Paramount өз кезегінде бұл алаңдаушылықтарды жоққа шығаруға тырысып, ұсынылып отырған сатып алудың едәуір бөлігін әлемдегі ең бай адамдардың бірі – Oracle компаниясының иесі, миллиардер Ларри Эллисон қаржыландырып отырғанын алға тартты.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді