Волейболшыларымыз Филиппиндегі турнирдің финалында жеңілді
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан Challenge Cup турнирінің финалында ұтылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазақстан волейбол федерациясы
Challenge Cup бәсекесіне алғаш рет қатысып, финалға шыққан Қазақстан құрамасы жарыстың алтын жүлдесі үшін матчта Вьетнам құрамасына қарсы ойнайды. Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері Challenge Cup турнирінің қазіргі чемпионы Вьетнам құрамасына 20:25, 22:25, 22:25 есебімен жеңіліп, күміс жүлдені місе тұтты. Команда капитаны Сара Анарқұлова Challenge Cup турнирінің ең үздік ойыншысы атанды.
Айта кетейік, топтық бәсекеде Қазақстан құрамасы Вьетнам қыздарына 1:3 есебімен есе жіберген еді. Өкінішке қарай, финалда сол кеткен есені қайтара алмады.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді

