Владимир Путинді Қазақстанда тұтқынға алу мүмкін бе – Сыртқы істер министрлігінің жауабы
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қылмыстық соттың Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер беруіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігі Владимир Путин Қазақстанға сапарға келер болса, оның қамауға алынбайтынын айтқан.
"Біз Рим статутына қол қойған жоқпыз немесе оны ратификациялаған жоқпыз. Жарғының Қазақстанға қатысы жоқ және ол бойынша біз ешнәрсеге міндеттелмейміз", – дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
- Лукашенко Ресей мен Украинаны келіссөз жүргізуге шақырды
- Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады
Еске салайық, 17 наурызда Халықаралық қылмыстық соттың Путинді қамауға алуға ордер бергені белгілі болған. Дүние жүзінде 123 мемлекет Рим статутын ратификациялағанын айта кетейік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”