Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путиннің жарлығында "Ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттерін жақындастыру және өзара байытудағы жемісті қызметі үшін Пушкин медалімен марапатталсын" деп жазылған. 

Құжатқа сәйкес, ресейлік медальмен "Астана Опера" театрының директоры Ғалым Ахмедьяров, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий, Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Валерия Крымская, Л.Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, "Славяндар" қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова марапатталды.

Талқылау