Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды
Парламент мәжілісі төрағасының экс-орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабында жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“2021 жылғы 1 маусымнан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды”, – деп хабарлады КӘАҚҚ РОШ баспасөз қызметінде.
Владимир Божко 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген.
Білімі бойынша мамандығы “тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру"; "жедел құрам".
Бұрын әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған.
- "Сендерге есеп беруге міндетті емеспін! Мені сайлаған сендер емес!": Депутат Божко халыққа есеп беруге міндетті емес екенін айтты
- Депутат Владимир Божко: Халық тізерлеп тұрып, мемлекетке алғыс айтуларыңыз керек
Генерал-лейтенант атағы бар.
2007-2014 жылдары Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланды.
Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі "Барыс", ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
