Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вирусты инфекция жұқтырып алған Ахмадиеваның түр-келбеті тыңдармандарын шошытты

Ділназ Ахмадиева үшін өз жанкүйерлерімен «түннің бір уағында» қауышу әзірге таңсық түсінік. Әлеуметтік желіде көптен көрінбеген әнші, керісінше ашық аспан астында ән салып тыңдарманын қуантты. Дильназдың шағын шығармашылық үзілісіне не себеп?

19424803_1925702011043518_7061298264691179520_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Әсем әндерімен жүректі әлдилеген Ділназ Ахмадиева әлеуметтік желідегі белсенді жұлдыздардың бірі. Алайда, өнер иесі соңғы кездері ғаламтордан бой тасалап, тыңдарманын тың туындымен қуантуды мүлде қойған. Ал, сурет салуды сиреткен әншінінің мына фотосы көпшілікті ойға қалдырды.

«Иә, мен қатты ауырып қалдым, вирусты инфекция дер едім. Тыныс алу жүйем дұрыс болмай, біраз ем-дом қабылдадым. Дәрігерге қаралып, айтарлықтай әбігерге түстім», – дейді Ахмадиева.

Денсаулығы аздап сыр берген өнер иесінің бүгінде жағдайы жақсы. Алматыда өткен кеште, Ділназ тек тыңдармандарымен ғана емес, туысқандарымен де қауышты.

«Туған-туысқандарыммен сирек жүздесетіндігім соншалық, олар да бүгінгі ашық аспан астында өткізіліп отырған кешке келіпті. Менімен жүздесіп қана қоймай, әндерімді де тыңдағысы келген болар. Ал, жалпы концерттен кейінгі әсерім керемет», – деді әнші ағынан жарылып.

Енді жұмысыма білек сыбана кірісіп, шығармашылығымды шыңдаймын деген Ділназдың болашаққа құрған жоспары жетерлік.

«Ең әуелі, бұл жылы екі-үш бейнебаян түсірмекшімін. Ол үшін екі қазақ, бір орыс тіліндегі әндерді дайындап қойдым. Ал, келесі жылы Қазақстан бойынша ән-сапараға аттанбақпын», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Instagram-дағы бір пост арқылы миллиондап ақша табатын жұлдыздар кімдер?

Айару Бақытбек: Кітап арқылы анамды жақынырақ танып, таңға дейін жыладым

Қарақат сәбиінің кімге ұқсайтынын айтып, есімінің мағынасын түсіндірді (видео)

Әнші Нұрлан Еспановтың жары рак ауруын жеңді

Талқылау