"Вирустың барына әлі де сенбей, той жасап жатқандар бар" : Алексей Цой қазақстандықтарға жүгінді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирустық жағдайдың мәз емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Дүниедүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, коронавирустың жай түріне қарағанда британдық штаммының таралуы тез және оның репродуктивтілік көлемінің өсуі 1,1-ден 1,9-ға дейін. Халық арасында әлі де болса вирустың барына сенбей, үйлерінде той, банкет жасап, жөртөледе жұмыстарын жалғастырып жатқандар да бар. Енгізіліп жатқан карантиндік шаралар мен мониторингтік топтың ескертуіне қарамастан санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзып жатқан нысандар анықталуда", - деді Цой Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, наурыз айы бойы 16 030 рейд жүргізіліп, 102 966 нысанға мониторинг жасалды. 

"Қазақстан Республикасында 30 наурыздағы жағдай бойынша 243 318 науқастан Covid-19 анықталды және 50 433 адамға КВИ- (минус) диагнозы қойылды. 218 031 адам КВИ+ және 47 837 азамат КВИ- (минустан) жазылып шықты. Соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өсті", - деді ол. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр