"Вирус мутацияланды": Алматы әкімінің орынбасары қала тұрғындарына үндеу жолдады
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "вирустың мутацияланғанын" атап өтіп, Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ержан Бабақұмаров 65 жастан асқан қарттарды үйде болуға және өздерін қорғауға шақырды.
"Егде жастағы адамдар арасында инфекцияның өсуі байқалады, жұқтырғандар арасында 33 пайызды құрайды. Олар ауыр түрде ауырады және, өкінішке қарай, осы жас санатында өлгендер саны көп. Қазір вакциналар мен дәрі-дәрмектер жоқ. Вирус, кейбір мәліметтер бойынша, Еуропада мутацияға ұшырады", - деп жазды ол.
Кейінірек әкімнің баспасөз қызметі Алматыда ыстықты түсіретін препараттардың жеткілікті мөлшерде бар екенін атап өтті.
Бабақұмаровтың сөзіне қарағанда, алматылықтардың басым бөлігі коронавирусты жұмыста және көппәтерлі үйлердің кіреберістері арқылы жұқтырады.
"Шамамен 44 пайызы дәл осылай жұқтырады. Сондықтан олар жұмыста өздерін қорғауға, маска режимін, гигиенаны сақтауға, үйге келгенде қажетті құралдармен өңдеуге тиіс. Ережелер белгілі, олар барлық жерде қайталанады. Сондай-ақ, кәсіпорын басшылары жағдай жасап, өз қызметкерлерінің жұқтыруына жол бермеуі керек.
Инфекцияның 18 пайызы кіреберістер арқылы жұғады. Сондықтан көппәтерлі үйлердің тұрғындары мен ПИК-тен кіреберістердегі санитарлық-эпидемиологиялық тазалауды қадағалауды сұраймыз. Ол инфекцияның алдын алу үшін қажет. Бүгінгі таңда инфекциялардың шамамен 18 пайызы лифттер мен кіреберістерде кездеседі. Ұстайтын жерлерді, есік тұтқаларын және тағы басқаларды күніне бірнеше рет хлормен өңдеу қажет", - деп түйіндеді ол.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
