Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр ашулықпен айтқан сөзі үшін журналистерден кешірім сұрады

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерден кешірім сұрады. 

Вице-министр ашулықпен айтқан сөзі үшін журналистерден кешірім сұрады

Серік Жұманғарин журналистердің сауалына ашулықпен жауап бергенін айтты. Ол ісі үшін өкінетіні жеткізді.

"Журналистерге ашулықпен дереу жауап бердім. Мұның дұрыс емес екенін білем. Айтқан сөзім үшін өкініп тұрмын. Сондықтан журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Бұған дейін де айтқанымдай, барлық сұрақтар бойынша жауап беруге дайынмын", - дейді шенеунік. 

ҰЭМ баспасөз қызметінде диалогқа келуге дайын екендерін мәлемдеді.

"Өз атымнан айтарым, біз алаң мен сұрақтарға жауап беретін спикер дайындап бере аламыз. Ол мәселе бойынша маған хабарлассаңыздар болады. Мен барлық ақпарат үшін көмектесуге дайынмын", - деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева парақшасында.

Бұған дейін шенеунік журналистің сауалына жауап бермейтінін айтып, ұрысып тастаған еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау