Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-премьер Сұлтановтың екі күндік іссапарына 9,6 миллион теңге жұмсалған: Министрлік ақпаратқа жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Алматы қаласы мен облысына жасаған екі күндік іссапарына 9,6 миллион теңге жұмсалған. Сауда министрлігі ақшаның қайда жұмсалғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұлтанов

Министрлік мәліметінше, әдетте Сұлтанов эконом-класымен ұшады. Шұғыл жағдайда эконом-класына билет табылмаса ғана бизнес-класпен ұшады екен.

"Айта кету керек, бұл жағдайда құрамында мәселені шешуге қызығушылық танытқан мемлекеттік орган қызметкерлері бар делегацияның ұшуы қажет болды. Сондықтан арнайы борт – "Бүркіт" мемлекеттік әуе компаниясының литерлік рейсі қолданылды", – деді баспасөз қызметіндегілер. 



Алматыға жасалған іссапар Қырғызстан үкіметімен және Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасының үшжақты келіссөз аясында келісілген. 

"Қазақстан тарапынан сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, қырғыз делегациясын министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Қожошев, Ресей делегациясын қаржы министрінің орынбасары Алексей Сазанов басқарды", – деп түсіндірді ведомстводағылар. 

Қатысушылар қазақ-қытай шекарасындағы "Нұр жолы" өткізу бекетін, "Қорғас-Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағын және "Қорғас" халықаралық шекаралық серіктестік орталығын аралаған. 

Талқылау