Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министрдің қамалуы, Абай күні, Ливандағы жарылыс: Өткен аптаның ең айтулы жаңалықтары

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі ай қамауға алынды! Атышулы шенеунік бюджет қаржысын жымқырды деген қүдікке ілінген. Әріптесінің әрекетіне қатысты Алексей Цой не дейді? Алаяқ дәрігерлер DamuMed қосымшасы арқылы қазақстандықтардың ауру тарихын өзгерткені туралы тағы бір тың ақпарат шықты. Қызметін асыра пайдаланған мамандарды қандай жаза күтіп тұр? Ливандағы жарылыста Қазақстанның консулы Бағдат Спабек жарақат алған. Аталған апаттан қанша адам қазақ тапты? Қазақстандық тұрғындар алкоголь мен темекіні сатып аларда құжаттарын көрсетуге міндетті. Бұл талаптар орындалмаса қандай шара қолданылады? Ақтаудағы шулы жаназаға қатысты марқұмның туыстары халыққа бейнеүндеу жолдады. Жерлеу рәсіміне көп адамның жиналуына нендей жағдай түрткі болған? 10 тамыз – Абай күні. Қазақстандық мерекелердің күнтізбесіне енгізілген күні тұрғындар демала ма? Аптаның айтулы жаңалықтарын Stan.kz редакциясы алдарыңызға ұсынады.   

апта

Қазақстан дәл қазіргі таңда короновируспен қана емес, елдегі жемқорлықпен де қатар күресіп жатыр. Осы аптада денсаулық вице-министрі Олжас Әбішев бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген еді. Әуелде атышулы шенеунік тергеуге алынғанымен, кейін сот органы оған екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға рұқсат бергенін түсіндірді. Ал, айып тағылған әріптестінің әрекетіне қатысты Алексей Цой не дейді?

"Қазір бізде сенімді ақпарат жоқ. Себебі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Уәкілетті органдар бұл туралы ақпаратты жариялайтын болады. Олжас Әбішев өткен аптада өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш берді. Сондықтан бұл мәселе қазір қаралуда. Егер шешім қабылданса, ол қызметінен босатылады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.   

Цой бұл тақырып аясында жұмған аузын ашпауға бекінген секілді. Естеріңізге сала кетейік, қиын-қыстау заманда жығылғанға жұдырық болған Олжас Әбішев денсаулық сақтау министрілігінде екі жылдай қызмет етті және аталған жерде цирфландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс атқарған.

Біздің елдегі денсаулық сақтау саласындағы былықтардың легі мұнымен шектелмейді. Алаяқ дәрігерлер DamuMed қосымшасы арқылы қазақстандықтардың ауру тарихын өзгерткені туралы тағы бір тың ақпарат шықты жақында. Медицинаалық анықтамадағы жалған мәліметтері бар тұрғындардың саны сәт сайын өсуде екен. Алдағы уақытта қызметін асыра пайдаланған мамандарға тиісті шаралар қолданып, олардың айыппұл арқалауы бек мүмкін.  

Дамумед

Жақында ғана Ливандағы жарылыс жаһан жұртшылығының зәре-құтын қашырды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауыр апатта Қазақстанның консулы Бағдат Спабек жарақат алған. Санаулы сағаттан соң Ливан астанасындағы Бейрут портында болған екі жарылыстың салдарынан кем дегенде 100 адам қаза тапқан және 4 мыңнан астам тұрғын зардап шеккенін билік өкілдері растады. Бүгінде  аталған елдің мемлекет басшысы үш күндік аза жариялаған. Сондай-ақ, президент мұндай келеңсіздікке немқұрайлылық себеп болғанын айтыпты.

Қазақстанда алкоголь мен темекіні сату ережелері өзгерді.  Бұдан былай тұрғындар енді шылым мен аты аталған сусынды сатып аларда құжаттарын көрсетуге міндетті. Бұл жайында халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодексте айтылған. Сонымен қатар сатушылар тұтынушыдан жеке басын куәландыратын төлқұжатын талап етуі тиіс. Егер бұл орындалмаса, сатудан бас тарту қажет делінген.  

жерлеу

Карантин ережелерін ескермей жаназаға жиналған жұрт желіде талқыға түсті. Марқұм Маңғыстау облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығының анасы екен. Дәл осы видео интернетте таралғаннан кейін, өмірден озған қарияның сіңілісі халыққа бейнеүндеу жолдаған еді. 

"Әулетімізде апам қазаға ұшырап, ауыр жағдайға тап болып жатырмыз.  Өмірден қайтқанына ешкімді де шақырған жоқпыз. Біз келген адамға есігімізді кет деп жаба алмадық. Бірақ санитарлық барлық жағдайды ескеріп, мына жерге төрт-бес адамды қойып, кірген адамдарға ара қашықтықты сақтаңыңыздар, бәрімізге де денсаулық керек, амандық керек. Айналайын халқым, теріс түсінбеңіздер! Барлықтарыңыздың да аналарыңыз бар ғой. Алла барлық бәлесінен сақтасын. Қандай бір кеткен қателіктеріміз болса, ара қашықтық сақтамады деп айтып жатырмыз. Егер штраф салса анамыз үшін, бауырымыз үшін көтереміз" , - деді марқұмның туысы Күлжан Сырбайқызы.  

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Абай Құнанбайұлының туған күні еліміздегі мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бірақ 10-шы тамыз тұрғындар үшін демалыс күні ретінде саналмайды. Айта кетейік, биыл ұлы ақынның туғанына 175 жыл толады.  

 

Талқылау