Министрлік дәрігерлердің аза тұту күні ұйымдастырған флешмобына қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігі аза тұту күні дәрігерлердің ұйымдастырған флешмобына қатысты түсінік беріп, бұл әрекеті үшін ешкім жазаланбайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Людмила Бюрабеовка онлайн брифинг барысында айтып берді. Вице-министрдің сөзінше, бұл адамдардың өз қалауымен болғандықтан, мұндай жеке бастама үшін ешкім де жазаға тартылмайды.

"Денсаулық сақтау министрлігі мұндай флешмоб өткізбеді. Пандемия құрбандарын еске алу үшін қайғыларымызды білдіру біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деп санаймын және дәрігерлердің шығу туралы бастамасы медицина қызметкерлері қауымдастығынан келді. Денсаулық сақтау министрлігі ретінде біздің міндетіміз - санитарлық талаптарды сақтау, эпидемиологиялық режимге сүйену", - деді вице-министр.

Бастамашыларды жазалау мәселесі қарастырылмауы керек екенін түсіндірді министрлік.

Бұған дейін, 13 шілдеде коронавирустан қайтыс болған дәрігерлер үшін аза тұту күні өтті. Дәрігерлер кәсіби жолда қайтыс болған әріптестерінің портреттерін жапсырып, флешмоб ұйымдастырған. Мамандар флешмобты өз еріктерімен ұйымдастырғандарын жеткізген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр